Қызылорда облысында 102 жастағы кейуана референдумға үн қосты

702

0

Қызылорда облысында 102 жастағы қария референдумға қолдау білдіріп, дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде тұратын 102 жастағы Ілия Рысқұлова дауыс берді.

Аудан орталығындағы №91 учаскелік референдум комиссиясының мүшелері 102 жастағы кейуананың үйіне референдум жәшігін жеткізді.

Осылайша қария өз таңдауын жасауға мүмкіндік алды.

Биыл 102-ге толған Ілия әжейді Қазалы жұртшылығы жақсы таниды.

Қос ғасырдың куәгері соғыс жылдарында тылда тынбай еңбек етті. Қария қазір ұрпақтарының алдында бақытты өмір сүріп отыр.

Ғасыр жасаған қария Бейзейнеп, Эмагүлсім, Фатима, Жаңылған, Рахия, Ибраким есімді ұл-қыздарынан шөбере мен шөпшек сүйіп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<