ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЕГІЗДЕР АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРДІ

681

0

Олар Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылындағы №29 орта мектепте білім алды. Егіздер биыл кәмелет жасқа толды. Қазіргі кезде Қызылорда қаласындағы Болашақ колледжінде «акушер» мамандығы бойынша білім алып жүр. Екеуі бір топта. Бүгін олар өз таңдауын жасау үшін ерте тұрып, № 109 референдум учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді.
Аздап қорқыныш болды. Біз кәмелет жасқа толып, референдумға бірінші рет қатысып отырмыз. Сондықтан біз үшін өте маңызды қадам болды, өз таңдауымызды жасадық. Еліміздегі саяси өзгерістерді қарап отырамыз және өз үлесімізді қосқымыз келеді. Елімізде амандық, бейбітшілік болсын! Бұл – біздің болашағымыз, – деді Ұлболсын Мұратқызы.
Отбасында алты бала бар. Ұлболсын мен Ұлмекен – отбасының ортаншысы.
Мен де өз таңдауымды жасадым. Елдегі саяси өзгерістерге үлес қосуды шештім, – деді Ұлмекен Мұратқызы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<