Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылады

238

0

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады. Онда тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау және қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құру тапсырылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырдым. Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз. Болашақтың берік негізі Тәуелсіздіктен бастау алады. Өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету – баршамыздың перзенттік борышымыз», – деді Мемлекет басшысы.

Қ.Тоқаев атап өткендей, Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға «үлкен террор» орасан зор қасірет әкелді. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды.

100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз