Ұлт Көшбасшысының ұстанымы – темірқазық

1398

0

Мемлекет басшысының «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мақаласын оқыдым.


Президент Елбасымен таныстығына 35 жылдың жүзі болғанын айта келе: «Тарих жолы тақтайдай тегіс, түзу бола бермейді. Бұрылысы мен қалтарысы жиі кездесетін дәуірдің сыншысы да көп. Ал нақты әрі батыл іс-әрекетке бара алатын адамдар сирек. Мұндай тұлғалар тарихты түзеді, жаңа заманды алға жетелейді. Міне, Нұрсұлтан Әбішұлы – осындай айрықша ерік-жігерімен ертеңгі көкжиекке батыл қарай білген бірегей реформатор, әлем мойындаған мемлекет қайраткері! Ол – тәуелсіз елдің төл тарихын өз қолымен жасаған тегеурінді тұлға!» – деп баға береді.


Расымен, Ұлт Көшбасшысы– әлем тарихындағы кемеңгер тұлға, оның бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі, сарабдал саясаткерлігінің арқасында көпэтносты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті. Елбaсының жолы – Қaзақстан тәуелсіздігінің жолымен ұштаса өрілген жол, eл тарихында болған әр сәтте, қол жеткізілгeн әр жетістіктe мемлекет қайраткерінің шешімі, ықпалы, қолтаңбасы бар.


Қазақстан халқын бір шаңырақ астына біріктіріп, олардың әрқайсысына туған тілін, дінін, мәдениетінің гүлденуі мен ұлт ретінде ұйыса дамуына еркіндік беріп, осылай қанаттандырып отырды. Халық ынтымақтастығы тұрғысынан алғанда сарабдал саясаткердің еңбегі ерен. Сонымен қатар, көреген көшбасшы бүкіләлемдік тыныштыққа, әлем халықтары мен мемлекеттері арасындағы келісімге, дүниежүзілік мәдениетті, бейбітшілікті арттыруға зор үлес қосып келеді.


Мемлекет басшысы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінде: «Күшіміз – жауапкершілікте, бірлігіміз – әралуандықта, еркіндігіміз – келісімде, абыройымыз – игілікте, қауіпсіздігіміз – ашықтықта, тәуелсіздігіміз – серіктестікте. Болашағымыз – бүгінде», – деді. Біз күні бүгінге дейін осы ұстанымды темірқазық тұттық. Осы ұстаным бізді адастырған жоқ, адастырмайды да!

Ләйлә Турешова,

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы

төрағасының бірінші орынбасары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<