150 грант бөлінді

1078

0

Кеше баспасөз орталығында облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов және  облыстық жұмыспен қамтуды   үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев жергілікті атқарушы органның «Әкімдік гранты» туралы БАҚ өкілдеріне баяндап берді.

Айталық, аймақтың 2020–2023 жылдарға арналған еңбек ресурстарының балансына сәй­кес және алдағы уақытта өңірде жүзеге асырылатын бірқатар инвестициялық жоба­лардың іске қосылатынын ес­кере келе, биылғы жылға халықтың осал топтарынан шыққан 150 студентті өңірге қажетті мамамандықтар бойынша оқыту үшін әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен 97,8 млн теңге қаражат бөлініп отыр.                                                                                                                                          

Облыс әкімінің 150  оқу гранты былайша бөлінді: Қор­­қыт ата атындағы Қы­зыл­орда мемлекеттік универ­сите­тіне – 70, Дәстүрлі өнер инсти­тутына – 15, «Бола­шақ» университетіне – 20, Қазақ Ұлттық аграрлық универ­ситетіне – 5, Қарағанды меди­циналық университетіне – 10, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік ме­ди­цина университетіне – 30 грант. Гранттар бойынша ба­калавр академиялық дәре­же­сінде техникалық, ауыл ша­руашылығы, педагогика, өнер, әскери іс және қауіпсіздік, қызмет көрсету, ветеринария, медицина салаларының мамандары даярланатын болады.

Облыс әкімінің грантына кімдер үміткер бола алады? Бірінші кезекте балалар үйінің тәрбиеленушілері (отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мекемесінің түлектері), мүгедектігі бар балалар, жетім және ата-анасының қамқор­лығынсыз қалған балалар, асы­раушысынан айырылған отбасылардың балалары, ата-анасының екеуі немесе біреуі зейнеткер балалар, сол секілді, ата-анасының екеуі немесе біреуі мүгедек тұрмысы тө­мен отбасының балалары, көп балалы отбасы және аз қам­тылған отбасылардан шық­­қан балалар үміткер бола ала­ды.

Облыс әкімінің грантын тағайындау барысында талап етілетін ең басты шарт: балалар Ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеуден кемінде 50 балл жинау қажет. Сондай-ақ, «Ауыл шаруашылығы», «Ветеринария» мамандықтарына – кем дегенде 60 балл, «Педа­гогикаға» – кемінде 70 балл, «Медицинаға» – кем дегенде 65 балл болуы керек. Аталған санаттар бойынша әлеуметтік көмек тағайындау отбасының өткен тоқсандағы табыстарын ескере отырып жүргізіледі.

Әлеуметтік көмекті таға­йындау үшін құжат қабылдау осы жылдың 12-20 тамыз аралығында аудандар мен Қызылорда қалалық жұмыс­пен қамту, әлеуметтік бағдар­ламалар бөлімдерінде жүргі­зіледі. Талапкерлер тапсыратын құжаттар тізбесін осы бөлімдерден алады.

Грантты тағайындау туралы шешімді конкурстық не­гізде жергілікті аудан және қала әкімдіктері жанынан құ­­рыл­ған арнайы комиссия қа­был­дайды.

Үміткерлерді ҰБТ, кешенді тестілеу нәтижесі, жеке жоғары жетістіктері, әлеуметтік жағ­дайы, отбасының табыс дең­гейі – іріктеудің негізгі кри­терийлері.

Қосымша сұрақтар бойынша облыстық жұмыспен қам­туды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқар­масының 8(7242) 27-01-11 те­ле­фонына хабарласуға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<