2018-2019 оқу жылына арналған білім беру гранттарының мамандықтар бойынша тізімі жарияланды

360

0

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018-2019 оқу жылына арналған білім беру гранттарының мамандықтар бойынша тізімін жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бұйрық жарияланған. Министрліктің бұйрығына қоса берілген қосымшада мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ЖОО-ларда жоғары білімі бар мамандарды, магистрлерді, PhD докторларын даярлауға арналған квоталар көрсетілген. Сондай-ақ, 2018-2019 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 53 594 грант, магистрлерді даярлауға 12 504 грант, PhD докторларын даярлауға 2 240 грант бөлінгені айтылады.
2018-2019 оқу жылына арналған күндізгі оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы; 2018-2019 оқу жылына магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы; 2018-2019 оқу жылына PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы.
Тізімді http://edu.gov.kz/kz/news/detail.php?ELEMENT_ID=2844&& сайтына өту арқылы көре аласыздар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<