8 колледж жабылды

379

0

Білім және ғылым министрлігі 8 колледждің лицензиясын қайтарып алды. Осыған байланысты олардың қызметі толығымен тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында ведомство Telegram парақшасында мәлім етті. «Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті оқу орындарының білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп, тиісті материалдық-техникалық базасы жоқ колледждерді анықтады.

Ол оқу орындарында сабақ жүргізілмеген немесе мектеп түлектері сол колледждерге (бірінші курсқа) оқуға түсуге қызығушылық танытпаған» делінген хабарламада.

Мысалы, Көкшетау заң колледжі мен Талдықорған заң колледжінде білім алған студенттер түлек атанған соң, аталмыш оқу орындарының басшылығы лицензияларын өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдады. Жалпы барлық жабылған колледж студенттері басқа оқу орындарына уақытылы ауыстырылды және оқытушылары жұмыспен қамтамасыз етілді. ҚР БҒМ колледждердің білім қызметіне қатысты мониторинг жұмыстарын жалғастырады.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз