Білім күнімен құттықтады

1151

0

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Әйтеке би кентіндегі бірқатар мектептерге барып, мұғалімдер мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады.

Аудан басшысы алдымен биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілген №70 мектептің жаңа оқу жылына дайындығын көрді. Жанқожа батыр атындағы білім ордасында барлық санитарлық талаптар сақталған. Ғимаратқа кірер ауызда дезинфекция дәлізі орналасқан.

Мұнан соң Мұрат Нәлхожаұлы кезекші топтарда білім алып жатқан оқушылармен кездесіп, оларға сәттілік тіледі.

Кездесуде Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің директоры Қымбат Сермаханова білім ордасына қамқорлығын аямаған аудан әкіміне ұстаздар мен шәкірттердің атынан алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Жамбыл Жабаев атындағы №234 мектепке де арнайы барды. Білім ордасының басшысы Марат Құдайбергенов ұстаздар жаңа оқу жылына дайын екендігін жеткізіп, биыл мектептің спорт залына жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<