Мемлекет басшысы елімізде 800 жаңа мектеп салынатынын айтты

939

0

Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде Мемелкет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел бойынша 800 жаңа мектеп салынатынын тілге тиек етті, хабарлайды Egemen.kz

«Еліміз бәсекеге қабілетті болуы үшін білім және мәдениет саласын өркендетуге, жастарды қолдауға баса мән беруіміз керек. Бүкіл Қазақстан бойынша 800 жаңа мектеп салынады. Соның арқасында біз апатты және үш ауысыммен оқытатын мектептердің мәселесін толық шешеміз», деді Президент.

Мемлекет басшысы барлық мектептер интернетпен, компьютермен және пән кабинеттерімен қамтамасыз етілетінін нақтылап өтті.

«Ауыл мектептерінің дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Шағын қалалар мен аудан орталықтарында, ауылдық жерлерде орналасқан 5 мыңнан астам мектеп жаңартылуы керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<