Қала әкімі түлектерді онлайн құттықтады

1151

0

Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаламыздың мақтанышы болып, білім бәйгесінде жарып шыққан «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлерін және барша түлектерді «ZOOM» бағдарламасы арқылы онлайн құттықтады.

«Қолдарыңызға тиген аттестаттарыңыз құтты болсын. Алдағы сынақтан жақсы нәтижеге қол жеткізіңіздер!» – деді.

Құрметке ие болған түлектер қуанышында шек болмады. Мұнан әрі №3 мектеп-гимназиясының «Алтын белгі» иегері Мұханбет Әнел және ата-ана Болат Қожанбаев тілегін жеткізді.

Айта кетейік, қала бойынша жалпы білім беретін 50 мектептен барлығы 1881 оқушы 11 сыныпты бітірді. Оның ішінде «Алтын белгі» 154, «Үздік аттестатқа» 114 үміткеріміз бар. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 1716 оқушы қатысады.

ҰБТ маусым айының 20-сы мен шілде айының 5-і күндері аралығында өтеді. Мектеп бітірушілер 2 тестілеу пунктінде тест тапсырады. Олар – Қорқыт ата атындағы Қызылора мемлекеттік университетінің №5 ғимараты және «Мұрагер» мектебі.

Бітіру кештері әр мектептің ауласында оқушылар арасындағы алшақтықты жеткілікті сақтап, сынып-жиынтықтарының бір мезгілдік санымен әр сынып кестеге сәйкес жеке өткізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<