Қызылордада бірінші сыныпқа қабылдау жүріп жатыр

1027

0

Қызылорда облысында мектепке қабылдау жүріп жатыр. 1- сыныпқа қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады. Бүгінге дейін тұрғындардан осыған байланысты 10 мыңнан астам өтініш түскен. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова қабылдау талаптарын тарқатып айтып берді.

«1 сыныпқа қабылдау барысында 5 құжат талап етіледі. Атап айтсақ: ата-ананың немесе заңды өкілдерінен өтініші, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысаны, №063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама, 3х4 көлеміндегі фото-екі дана. Осы орайда, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамаларды алуда туындаған қиындықтарға байланысты медициналық құжаттарды уақытша тапсырмауға рұқсат етілді. Медициналық анықтамаларды оқу жылы басталғанға дейін мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады»,- деді Ақзира Бақтыбайқызы

Қазіргі таңда 1-сыныпқа мектепке қабылдауға тіркелген балалар саны 10178 құрап отыр. Оның ішінде e-gov порталы арқылы – 1107, қолма-қол қағаз түрінде – 9071 бала тіркеліп отыр. Бұл жұмыстар тамызға дейін жалғасатындықтан күн сайын ақпарат жаңарып отырады.

Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау онлайн режимінде «Электрондық үкімет» Egov.kz порталы арқылы және қағаз түрінде қолма-қол жүзеге асырылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<