Қызылордалық оқушылар ертең де онлайн оқиды

1651

0

Фото: Ашық дереккөз

Құрметті облыс тұрғындары, ата-аналар! Синоптиктердің болжамы бойынша, 12 желтоқсанда Қызылорда облысында жел солтүстіктен 9-14, облыстың орталығында 15-20 м/с екпінмен соғады, ауаның температурасы түнде -20-25 0 С, облыстың солтүстігінде -29 0 С аяз, күндіз -15-20 0 С, облыстың оңтүстігінде -10 0 С аяз күтіледі.

Осыған байланысты, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласындағы барлық мектептердің (мемлекеттік, жекеменшік) 0-11 сынып оқушылары; Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы мектептердің (мемлекеттік, жекеменшік) 0-9 сынып оқушылары 12 желтоқсан күнгі сабақтарын қашықтықтан оқыту форматында өтеді (онлайн). Білім беру мекемелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Пән мұғалімдері күнделікті жұмыс орындарында онлайн сабақ өтетін болады.

Мектепке дейінгі ұйымдар күнделікті штаттық режимде жұмыс жасайды.

Өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарланатын болады.

Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<