«Шағала» лагерінде жазғы тынығу маусымы басталды

866

0

Балалардың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері жазғы демалыс кезінде лагерден бастау алары сөзсіз. «Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз!», деп оқу жылы аяқталысымен жазғы тынығу лагерлеріне асыққан мектеп оқушыларының дәстүрге айналған мұндай тынығу мерзімі жыл айналып тағы да келді. Соған сәйкес Қазалы қаласындағы «Шағала» балалар лагері 2 маусымнан бастап өз жұмысын бастап кетті.

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Күнтілес Назымбеков және аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығында өткен лагердің жазғы маусымының ашылу салтанатына қатысып, өнерлі жеткіншектердің концерттік бағдарламасын тамашалады.

Сондай-ақ, жазғы демалыс кезінде балалардың жақсы тынығып, уақыттарын тиімді пайдалануларына тілектестігін білдірді.

Қазіргі таңда тынығу лагерінде 129 оқушы демалуда. Балалар мұнда бес мезгіл тамақтанады. Олардың уақытты көңілді әрі тиімді өткізуі үшін 8 тәрбиеші еңбек етеді. Сол секілді демалушылардың денсаулығына арнайы дәрігер мен стоматолог жауап береді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<