Пәндік құзыреттіліктерді арттыру курстары басталды

1484

0

Мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесі мен тұрақты кәсіби дамуы – оқушылардың білім жетістігіне оң әсер етуші факторлардың бірі. Оның кәсіби құзыреттілігі – жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді.

Бүгін «Өрлеу» Қызылордада қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, физика, биология, география пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерінарттыруға бағытталған біліктілік арттыру курстары басталды.

Курс барысында мұғалімдер үшін орта мектепте күрделі тақырыптарды оқытуға, пән мазмұнын тереңдетуге бағытталған оқу бағдарламалары заманауи ғылыми зерттеулер мен оқытудың алдыңғы қатарлы интерактивті технологияларына негізделген мұғалімдердің берік білім жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Тыңдаушылар сабақтың алғашқы күні диагностикалық тестілеуден өтеді, курс соңында қорытынды тестілеу өткізіліп, нәтижесінде біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табысталады.

Педагогтердің жаңа білім беру бағдарламаларын табысты меңгеруіне сәттілік тілейміз. Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту –басты назарда!

Гүлхаят Махмутова,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының

PR, SMM маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<