ҰБТ-ның алғашқы күнінде шиелілік талапкер 130 ұпай жинады

1217

0

ҰБТ-ның алғашқы күнінде ең жоғарғы 130 ұпайды Шиелі ауданында орналасқан М.Шоқай атындағы №41 мектеп оқушысы Диас Қиянбекұлы еншіледі. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Абай Тағыберген хабарлады.

– Жалпы, осы күні 27 талапкер 100-ден астам ұпай жинады. Білім сынағы Шиелі ауданында басталған еді. Оған 174 оқушы қатысты. 1-уі өз еркімен бас тартты. 2 талапкерден тыйым салынған заттар табылып, олар Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің шешімімен аудиториядан шығарылды, – дейді ол.

Білім сынағы карантин жағдайында ұйымдастырылғандықтан түлектер тестілеу пунктіне бетперде тағып кірді және ара қашықтықты сақтады. 

Сб-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<