Біржолғы зейнетақы төлемін алудың шекті мөлшері өзгертілді

473

0

2022 жылы біржолғы зейнетақы төлемін алудың жеткіліктілік шегі 1,8 есе көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Бірыңғай жинақтық зейнетақы қорының ресми сайты жазды. Бұл шешімді зейнетақы қоры былай деп түсіндіреді.

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында: «зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілігінің шегі – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалатыны айтылған. Төмен жинақтық шекті айқындау әдістемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 2 қазанындағы №1042 қаулысымен (2021 жылдың 6 қаңтарындағы өзгерістерімен және толықтырулармен) бекітілген.

Әдістеме бойынша төмен жинақтық шек мөлшері жинақ иесінің жасына қарай есептеледі және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін (индекстелуін) ескереді. Бұл ретте ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы (ЕТЖ), ең төменгі зейнетақы (ЕТЗ), ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады.

Осыған байланысты төмен жинақтық шек мөлшерін есептеу жыл сайын аталған көрсеткіштердің өсуін ескере отырып жүргізіледі. 2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер мөлшері ұлғайтылғандықтан, атап айтқанда, ең төменгі жалақы мөлшері 2021 жылғы 42 500 теңгеден 2022 жылы 60 000 теңгеге дейін (немесе 41%) өсті. Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры осыны ескеріп, 2022 жылға төмен жинақтық шек мөлшерін де көбейткен. 2022 жылдан бастап бұл мөлшер әр жас бойынша мынадай көлемде есептеледі:

Жас ерекшеліктері ТЖШ, теңгемен

20 жастағы 3 140 000

21 жастағы 3 250 000

22 жастағы 3 370 000

24 жастағы 3 610 000

23 жастағы 3 490 000

25 жастағы 3 730 000

26 жастағы 3 860 000

27 жастағы 3 980 000

28 жастағы 4 110 000

29 жастағы 4 240 000

30 жастағы 4 370 000

31 жастағы 4 510 000

32 жастағы 4 640 000

33 жастағы 4 780 000

34 жастағы 4 920 000

35 жастағы 5 060 000

36 жастағы 5 200 000

37 жастағы 5 350 000

38 жастағы 5 490 000

39 жастағы 5 640 000

40 жастағы 5 790 000

41 жастағы 5 950 000

42 жастағы 6 100 000

43 жастағы 6 260 000

44 жастағы 6 420 000

45 жастағы 6 580 000

46 жастағы 6 750 000

47 жастағы 6 920 000

48 жастағы 7 090 000

49 жасттағы 7 260 000

50 жастағы 7 430 000

51 жастағы 7 610 000

52 жастағы 7 790 000

53 жастағы 7 970 000

54 жастағы 8 150 000

55 жастағы 8 340 000

56 жастағы 8 530 000

57 жастьағы 8 720 000

58 жастағы 8 920 000

59 жастағы 9 120 000

60 жастағы 9 120 000

61 жастағы 9 120 000

62 жастағы 9 120 000

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<