Дамудың айқын үлгісі

385

0

Кеше өткен  Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында Мемлекет басшысы – әлеуметтік бірлік тұғыр­намасы ел іргесін нығайта түсетінін айтты. Жаңа бастамалар бәрінен бұрын осыған бағытталғанын жеткізді. 

– Полиэтникалық мемлекет жағ­дайында әлеуметтік және ұлттық сая­саттар тығыз байланысты. Сондықтан бес әлеуметтік бастама еліміздің барлық азаматтарына қатысты, осы орайда бар­ша халқымызды дамытуға ықпал етеді,– деді Елбасы.  

Халықтар бірлігі мерекесінің қар­саңында өткен келелі жиында елдің ертеңіне бағытталған жарқын жобалар жайы кеңірек сөз болды. Мемлекет бас­шысының таяуда Парламент Пала­таларының бірлескен отырысында жа­­рия­лаған бес әлеуметтік бастамасы төңі­регінде ой-пікірлер ортаға салынды. Бұл әлеуметтік бастамада елімізде тұрғын үй сатып алудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, салықтық жүктемені төмендету, мик­рокредитті кеңейту, елді газдандыру, сондай-ақ жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселесі алға қойылған бо­латын.

Әрине, бұл бүгінгі таңдағы өте өзекті мәселе. Мемлекеттің бұл қолдауы – әлеуметтік саланың жаңа сатыға көтерілуіне оң әсер ететіні сөзсіз. Ал маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі – елдің басым бөлігін газбен қамтамасыз ету. Бұл бірінші кезекте халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталса, екіншіден өңірлердің экологиялық жағдайы да жақсара түседі.

                                                                                                       

 Г.Щербакова,

«Славяне» қоғамдық 

этно-мәдени бірлестігінің төрайымы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<