1 баладан КВИ анықталса сыныптағы барлық оқушы мен мұғалім ПТР тест тапсырады

650

0

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау вице-министріне «Бір сыныпта бір бала вирус жұқтырса, барлық оқушы мен мұғалімдер ПТР тест тапсыруы қажет пе?» деген сауал қойылған еді. «Иә, ол бала байланыста болғандықтан барлығы да ПТР тестін тапсыруы тиіс»,- деп жауап берді Ажар Ғиният.

Бұған дейін вице министр елімізде 354 мектептің санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай еместігін айтқан болатын. Жалпы, жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талап күшейтілмек. Ол үшін таяу арада ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің арнаулы қаулысы қабылданады.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<