Жан жылуын таратқан

5

0

Қазіргі ұшқыр заманда күнделікті күйбең тірліктің қармағына ілінбеген адам жоқтың қасы десе де болатын шығар. Түрлі мекеме қызметкерлері, кәсіпорын жұмысшылары мен өз кәсібін дөңгеленткен әрбір адам таңның атысымен жаппай жұмыс орындарына асығатыны сөзсіз. Оларды былай қойғанда, үйдегі зейнеткерлер, біз де қарап отырғымыз келмей, мүмкіндігінше отбасымызға үй шаруасында аз да болса көмектесуге тырысамыз. Бірақ, өз шама-шарқымызды ескермегендіктен бе, әлде жас ұлғайғандықтан ба, соңғы кезде денсаулық сыр беретін болып жүр.

Жақын арада аяқастынан бас­­­тың ауыруына балтырдың сыз­­дауы қосылып мазаны қатты ала бастаған соң, балам жедел жәр­дем шақырып, көпбейінді об­лыстық аурухананың эндо­кри­нология бө­лімшесіне жат­қызды.

Көп уақыт өтпей палатаға өзін Елена Павловнамын деп та­ныстырған дәрігер келіп, жағ­да­­йымды егжей-тегжейлі то­лық сұрап білген соң, қажетті ме­­­дициналық сараптамалар жа­­­сал­­ғаннан кейін арнайы ем-ша­ра­лар басталатынын айтты. Түр­лі ана­­лиздер алынған соң ме­­йіргер қыздар бірден аспа дәрі салуды баста­ды. Ем-шара бары­сында мейір­гер қыздарым қайта-қайта келіп, жағдайымды біліп, ерекше ықы­лас білдірді. Келесі күні таңертең нау­қас­тарды аралау кезінде ем­деуші дәрігерім жағдайымды, тағы не мазалайтынын сұрап алған соң, организмді қосымша тек­се­­рулер­ден өткізу қажет еке­нін ескертті. Та­ңертеңгі ем-ша­ра­лар­­дан кейін, мейіргер қыз­да­рым бір­неше күн бойы түрлі салалық маман­­дарға апа­рып ар­найы тек­серу­лерден өт­кізді. Содан соң ем-шаралар тіпті кө­бейді, дәрігерім Елена Пав­лов­­­на күн сайын, кейде 2 мезгіл соғып, күлімсіреп отырып емнің қалай әсер етіп жатқанын біліп отырды. Кәсіби маманның және мейіргер қыздарымның тын­бай жасаған ем-домының арқа­сын­да 4-5 күннен кейін өзімді бұрын­ғыдан жақсы сезіне бас­тадым.

Емделу барысында басқа ем­делушілермен сөйлесіп, бөлім­шедегі ахуалға назар аудардым. Сондағы байқағаным: бұл бөлім­ше негізінен қант диабетімен ауы­­­­ратын науқастарды, одан бө­­лек ағза­дағы және қандағы тө­­тен­­ше өзгерістері бар, түрлі дә­­ре­­жеде улан­ған науқастарды ем­дейді екен. Менімен бірге 4-па­ла­тада жат­қан қант диабетімен ауырып жүр­ген қызылордалық Айбол Кең­танов, кейін оның орнына келген, қиналып түс­кен Сахи Көшеров деген жігіт­тер, 1-па­латадағы жағ­­дайы ауыр­лау болып түскен Мұ­рат Әнуар­бек­ұлы, 5-пала­та­дағы Ишан­күл Бек­­мыр­заева мен қара­­кеткендік Ажар Үрге­ніш­баева, түс­­кеніне 3 күн болған 10-пала­та­да­ғы Ев­ге­ния Се­ребря­кова, тағы да басқа облысымыз­дың әр та­ра­пынан келіп ем қабылдап жат­қан кісі­лердің басым көпшілігі жыл­ма-жыл осы бөлімшеде қара­лып, денсаулықтарын түзетіп жүр­­генін айтты. Дәрігерлер мен ме­йір­гер­лердің кәсіби қызметіне, жан жы­лытарлық ықылас-пейі­ліне ерек­ше риза­шылықтарын біл­діріп жат­ты. Ал 10-палатада жатқан бай­қо­ңырлық 80 жастағы өңіріміздің та­рихынан хабары мол Дәметкен Дәуітова әже (Бай­қоңыр қаласының әскери гос­питалында медсестра болып іс­теп зейнетке шыққан) ем­деу­ші дәрігері Еленаның өзімен емен-жарқын әңгімелескенін ай­тып, ем жасап жатқан әріптес қыз­дарының ықылас-пейіліне кө­ңілі толды.

Өмірде әр мамандықтың өз ерек­шеліктері бар ғой, алайда бір жеріміз ауырып, қиналғанда жү­гіретініміз де, жүгінетініміз де – дәрігерлер.

Бұрын да әр жерде емделіп жүр­міз, дегенмен облыс халқы­ның ден­саулығын сақтаудағы қа­зіргі көп­бейінді облыстық ауру­хананың орны анағұрлым бөлек екені жұрт­қа мәлім.

Эндокринология бөлімінде ең бастысы, ұжым мүшелері ара­сын­­да ерекше түсіністік ахуалы қа­лып­тасқан. Содан да болар, ғи­марат ішінен қатты дыбыс не бас­қадай абыр-сабыр әрекетті бай­­­қамайсыз. Жоғары санатты эндо­кринолог дәрі­гер­лер Елена Цхай мен Меруерт Бо­дықова, невро­па­толог Данара Ма­хатова, гема­толог Ләззат Шү­кір­ова, ток­­си­колог Сұлтан Бағлан өз нау­­­қас­тарының жағдайларын тек­­се­ріп, қарап, көр­сетілетін ем-шара­ларды күн сайын белгілеп бе­ріп жатады. Енді сол ем-шараларды жоғары санатты аға мейіргер Жанар Байұл­ова­ның басшылығымен, өздері­нің ке­зегі бойынша мейіргер қызда­рым Айнұр Олинова, Нұргүл Та­ңат­қанова, Динара Нұржанова, Дина Оспанова, Эльмира Егем­баева, Сәуле Қалымбетова, Ақтоты Кү­зембаева, Сәлима Сержан­ова, Ұлтай Бақытжан мен физка­би­неттің мейіргерлері Эльмира Қы­дыр­әлиева, Айнұр Сыз­дықова ты­­ным таппастан, түрлі жағдай­да­ғы науқастардың тілін тауып, кә­сіби біліктілікпен, ерекше жы­лы­лықпен атқарып жатқанын кө­­­ріп, іштей риза күйде бола­сыз. Бө­лімше, науқастарға белгі­лен­ген дәрі-дәрмектің аты, до­за­сы, саны, науқастың аты-жөні, қол­­да­нылатын күні мен уақы­ты көрсетілген QR-коды бар ком­­пьютерде терілген қалташа да­­йындап, оған дәріні са­лып, желім­дейді және оның сыр­тына кімнің дайындағаны көрсе­тіліп, оны уақытылы науқастың ор­нына апарып қояды. Осы мә­лі­меттерді науқастардың медици­на­лық кар­тасына енгізетін де, оның кө­шірмесін жасап, емін алып бол­ған науқастарға табыстайтын да, науқастарды көрінетін не тексе­рі­летін орындарына арбамен не­месе ертіп апаратындар да осы қыздарым.

Тағы бір көңіл қуантарлық жағ­дай – бөлімше ғимараты ішінің тазалығы. Аумағы бі­раз жер, 13 пала­тадан бөлек, дәрі­герлер мен ем-шара бөл­ме­лері, қаншама қо­салқы, сани­тар­лық, оған қоса ке­лесі бөлім­шеге де­йінгі кірер ауыз, осының бар­лы­ғын кезекте­сіп, күні-түні бір тынбай мұнтаз­дай етіп тазартып, ем алушы­ларға қолайлы жағдай жасап жат­қан Әлия Қазтуғанова, Гүл­нар Наурызбаева, Гүлстан Жыл­қы­шиева, Зылиха Айтуға­н­ова, Гүл­мира Алшынба­ева, Гүл­­зира Исабек, Ақсұлу Төлеп­ова, Олим­­пиа­да Шөлтікова сияқ­­ты қарын­дас­тарымыз бен қыз­­дары­­­мыздың арқасы ғой. Жағ­дайы ауырлау не жүруі қиын­­дау ем­делушілерге үш мезгіл та­мақ­тарын жеткізіп бе­руші Бағ­лан Рах­менованың да еңбегі атап ай­туға тұрарлық. Мен тек өзім көріп-білген, байқаған жай­­ла­рым­­ды ғана сөз еттім, ал бө­лім­­ше­нің жай көзге байқала бер­­­мей­тін жұмыстары мен ем-ша­­ра­­­ла­рының көп екеніне күмә­нім жоқ.

Ендеше осыншама тірлікті мінсіз атқаруға бөлімше ұжы­мын жұмылған жұдырықша ұйысты­рып, олардың әрқайсының білім же­тілдіріп, кәсіби шеберлік шың­­­­да­­уына, бір-бірімен ың-шың­­­­сыз ұғы­суына, тату әрі сый­лас­­тық­пен бірігіп еңбек етуіне жағдай жа­саушы, әрине өз ісі­нің нағыз білгірі, облыстық ау­ру­хананың ғана емес, бүкіл облыс­тағы денсаулық сақ­шы­ларының алдыңғы сапынан та­былып жүр­ген Елена Пав­ловна Цхай екеніне емделушілер куә болдық.

Ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесінде «сіздердің кө­мек­теріңіздің арқасында өз отба­сымда, жақын жандарымның ор­та­сында жарқын көңіл күйде жүріп жатырмын. Сіздер қан­ша­ма адамды науқасынан айық­тырып, көбінің үмітін жалғап, жақ­сы күндерге же­телеп, отбасы мен елі үшін еңбек етуіне жол ашып жатырсыздар.

Осындай айрықша қызмет­те­рі­ңізде жемісті де жеңісті сәт­те­ріңіз көп болсын! Отбастары­ңыз­ға Ұлы жаратушымыз қа­­йыр­­­лы, құтты, ме­рейлі әрі ба­­қ­уат­­­ты тірлік кешуле­ріңізді бұ­йыр­т­­­сын!

Айналайын, ақ халатты

жандарым,

Ата берсін арайланып

таңдарың.

Науқастарға шипа болып

емдерің,

Алғыс болсын, әрқашан алғандарың! – деп тілек айтамын.

Мұратбек ӘДЕТ,

ардагер-ұстаз.

«Құрмет» орденінің иегері