Конституция

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша облыстық семинар ұйымдастырылды

5

0

Фото: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Кеше көпбейінді облыстық ауруханасының мәжіліс залында облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен медицина қызметкерлері арасында «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиологиясы, профилактикасы, эпидемияға қарсы іс-шаралары және инфекциялық бақылау мәселелері» тақырыбында облыстық семинары өткізілді.

Семинар барысында Қызылорда облысындағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша қазіргі эпидемиологиялық ахуал, аурудың клиникалық көрінісі, ерте диагностикасы, емдеу тактикасы, зертханалық диагностикасы, инфекциялық бақылау және биоқауіпсіздік талаптары жан-жақты қарастырылды.

Баяндамалар барысында КҚГҚ-ны ерте кезеңде анықтауда күдікті жағдайларды жүргізу алгоритмдері, пациенттерді маршрутизациялау және шұғыл эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сондай-ақ семинар қорытындысымен тақырыпқа сәйкес медицина қызметкерлеріне онлайн тестілеу ұйымдастырылды.