6 науқас тіркелді

418

0

Бүгінде облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Алайда босаңсуға болмайды. Мәселен, шілде айының 11 күнінде 40 жағдай анықталды.

Кейінгі бір тәулікте 6 жағдай есепке алынды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова айтып берді.

– Өңірде эпидахуал тұрақты деп бағаланғанымен, коронавирус инфекциясының пандемиясы әлі аяқталған жоқ. Сондықтан індетке қарсы екпе салдыру қажет. Бұл ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, санитариялық-эпидемиологиялық профилактикалық шараларды да ұмытпауға шақырамын. Себебі қарапайым ғана сақтық шаралары тек COVID-19-дан емес, барлық инфекциялық аурулардан, ауа тамшылары арқылы таралатын вирустардан қорғануға көмектеседі, – деді ол.

– Бүгінде облыста вакциналау мен ревакциналау отандық QazVac, VeroCell, Pfizer препараттарымен жүргізілуде. Вакцинаның І компонентін 425853 қызылордалық, ІІ компонентін 423364 адам алды. Сонымен қатар, 2021 жылдың 22 қарашасынан ревакциналау жұмыстары басталып, нақты кезеңде 228 265 тұрғын қайта екпе алды, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Мырзагелдіұлы.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<