839 медицина қызметкері үстемақы алды

1040

0

COVID-19 және вирустық пневмонияға қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне үстемақыны ай сайын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді.

«Қор медицина қызметкерлері алдындағы барлық міндетті толық және уақтылы орындап отыр. Мәселен, биыл наурыз бен қыркүйек аралығында 2 574 885,3 мың теңгеге үстемақы төленді. Қыркүйектің қорытындысы бойынша 839 маман  99 593,9 мың теңге көлемінде үстемақы алады», – деді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Наурыз айында 520 медицина қызметкеріне қосымша 66 779,4 мың теңгеге төленді.

Сәуірде – 1921 медицина қызметкері, 315 817,7 мың теңге

Мамырда – 1874 медицина қызметкері, 317 273,2 мың теңге

Маусымда – 2392 медицина қызметкері, 417 499,1 мың теңге

Шілдеде – 3452 медицина қызметкері, 948 280,4 мың теңге

Тамызда – 2453 медицина қызметкері, 409 641,6 мың теңге 

Қыркуйекте – 839 медицина қызметкері 99 593,9 мың теңге алады.

Үстемақы алатындардың тізімін өңірлердегі арнайы комиссия жасақтайды. Тізім дайын болғаннан кейін Қор ай сайынғы қосымша төлемдерді төлеуге кіріседі. Қор бұл жұмысты 15 қазанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Тәуекел тобына қарай медицина қызметкерлері 212 мың теңгеден (5 АЕК) 850 мың теңгеге (20 АЕК) дейін қосымша ақы алады.

Естеріңізге сала кетейік, егер үстемеақыға қатысты сұрақтар болса, өңірлік комиссияға хабарласу қажет.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

облыстық филиалының халықты ақпараттандыру және

өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<