«Ахуалды ескеріп, вакцина алған дұрысырақ»

592

0

Коронавирус инфекциясымен күресіп келе жатқанымызға бір жылдан аса уақыт өтті. «COVID – 19» вирустық инфекция қатарына жатады. Яғни, ауру ауа арқылы тарап, азаматтарға ауа арқылы жұғады. Бұл дертпен күресу оңай емес, бүгінде әлем бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал сөзімізге дәлел.

Ақпан айынан бастап, елімізде жаппай вакцинация шаралары басталды. Ендігі кезекте, әр азамат екпе егу жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, вакцина қабылдауы тиіс. Бүгінде өңіріміздегі ахуал күн өткен сайын күрделеніп барады. Қазір Қызылорда «қызыл аймақта». Жағдайды ушықтырмау сіз бен біздің қолымызда. Вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға асығайық.

Нұрсұлтан Қыдырбайұлы,

№5 қалалық емхананың аймақтық дәрігері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<