Ауырсыну – қалыпты реакция

833

0

Адамдардың көпшілігі вакциналауды  қалыпты өткереді. Ал, кейбіреулерінде  инъекция орнының аздап ауырсынуы, қызару немесе ісіну және әлсіздік болуы ықтимал. Кейде дене қызуы көтеріліп, аздап қалтырау, жүрек айну, лимфа түйіндерінің аздап ұлғаюы мүмкін. Мұның бәрі – иммунитетті қалыптастырудағы қалыпты реакциялар. Қазіргі уақытта вакциналанған адам басқаларға қауіп төндірмейді.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында №3 қалалық емхананың эпидемиолог-дәрігері Гүлнұр Ілясова айтты.

– Әйтсе де, дене қызуын 38 градусқа дейін жоғарылатпау ұсы­нылады. Егер одан жоғары көтерілсе, әдетте суық тигенде қол­данатын ыстық түсіретін дәрі­лік препаратты  қабылдауға болады. Ең жақсысы – парацетамол.  Дене қызуы  көтерілуінің екі-үш күнге созылуы сирек жағдай.  Вакцинаның екінші компонентін салдырмаса, адамда иммунитет қалыптаспайды. Өйткені екеуінің құрамы екі түрлі. Сондықтан екінші компонентін міндетті түрде салдыру керек, – деді ол.

Екпені салғаннан кейін, қауіпті аллергиялық реакцияны болдырмау үшін біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болған жөн. Вакцина егілген соң көлік жүргізбеген абзал,  бірнеше күн ішімдік ішу­ден бас тарту керек. Өйткені қандағы алкоголь  иммунитеттің қалыптасуына жол бермейді.

Кейінгі уақытта өңірдегі эпидахуал күрделеніп, «Дельта»  штамы белгілерінің таралуы сақтық шараларын қатаң ұстануды талап етіп отыр.

Айта кету керек, 13 шілдеден  бастап емханаларда егу каби­нетінің жұмыс уақыты  дүйсенбі мен жұма аралығында 8.00-ден  22.00-ге дейін, ал демалыс күндері 9.00-18.00 аралығында болып белгіленді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<