Болашақтың медицинасы қандай болады – доктор Грейдің көзқарасы

618

0

«Sens» ғылым қорының төрағасы Обри Ди Грей болашақтың медицинасы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір біз адамды емдеу шараларына негізгі басымдық береміз. Ондай медицина артта қалады. Болашақтың медицинасы адам ағзасындағы процесстерді қалпына келтірумен айналысатын болады. Көлікті қалай жөндесек, болашақтың медицинасы да адамның денсаулығын солай қалпына келтіреді. Жасушаларды жаңарту, генетикалық терапия алдыңғы қатарға шығады. Дәл осы салалар адамның денсаулығын жақсартып, өмірін айтарлықтай ұзартатын болады. Ондай өзгерістердің экономикалық эффектісі өте үлкен болады», – доктор Грей Астана экономикалық форумының пленарлық мәжілісінде.

Ғалымның айтуынша, адамның өмірі ұзарса, зейнеткерлікке шығатындарды әлеуметтік қамсыздандыру және тағы басқа шығындар көбейеді. Халықтың тұтыну көлемі де артады. Бірақ дәрі-дәрмекке кететін ақшаның көлемі азаяды. Себебі денсаулықты сақтаудың жаңа әдіс-тәсілдері болады. «Бұның барлығы 5-6 жылдан кейін келуі әбден мүмкін. Дәл қай кезде болатынын нақты айту қиын. Бірақ бір нәрсе анық, болашақта адамды жасартатын медицина болады. Аталған терапиялар адамзаттың өмірін түбегейлі өзгертеді. Адамның өмірі ұзарады. Демек, қазіргі салық төлеушілер, жұмысшылар, дауыс берушілер ұзақ жасайды. Осыны ойлану қажет. Соған сай жоспарымызды да жасауымыз қажет», – деп атап көрсетті Обри Ди Грей.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<