«Дельта» штамы аса қауіпті

373

0

«Кеселдің алдын алып, сақтанудың жалғыз жолы – вакцина салдыру. Екпе егу арқылы ғана ұжымдық иммунитет қалыптастырып, дертке қарсы тұра аламыз. Барлықтарыңызды вакцинация алуға шақырамын». Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігері Нұрлан Нүрпейісов баяндады.

Өткен жылдан бері әлем елдері коронавирус індетімен күресіп келеді. Сақтық шараларына қарамастан, қауіпті кеселді ауыздықтау әлі күнге дейін мүмкін болмай отыр. Оның үстіне, вирустың мутацияланған жаңа түрі «Дельта» штамының қауіптілігі аса жоғары болып отыр.

– Вирустың бұл түрінің жұғу пайызы жоғары. Яғни, аталмыш дертке шалдыққан науқас бір мезетте ауруды 5-6 адамға жұқтыруы мүмкін. Оның үстіне «Дельта» штамы клиникалық белгісі өте ауыр жағдайда өтеді. Науқастың буындары ауырып, қызуы жоғары болып, құсу және іш ауруы байқалады. Науқас ауруханаға дереу жатқызылып, мамандардың бақылауына алынады. Статистикалық деректерге сүйенсек, «Дельта» штамды жұқтырғандардың басым көпшілігі көз жұмып жатыр. Ауруы асқынғаннан науқастардың құлақ естімей қалу жағдайлары да кездескен,- деді Нұрлан Базарбайұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз