Денсаулық сақтау министрі күзге қарай COVID-ке қатысты жағдай қалай өзгеретінін айтты

572

0

Алдағы күндері коронавирусқа қатысты жағдайдың тұрақталуы екіталай, ал вакцина әсері күзге жақын байқала бастайды, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

«Жағдайдың таяу күндері немесе тіпті бір айда өзгеретінін күтудің қажеті жоқ. Азаматтардың басым бөлігі 2-3 ай ішінде вакцина алғаннан кейін эпидемиологиялық жағдайдың саябырсығанын сезетін боламыз. Вакцинация, әрине, өз әсерін береді, бірақ бұл ұжымдық иммунитет пайда болған кезде, шамамен күзге жақын болады», – деді Алексей Цой «Қазақпарат» агенттігіне берген сұхбатында.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы толық локдаунға, қалаларды жабу сияқты шараларға қайта жүгінгісі келмейтінін алға тартты.

«Қатаң шаралар әрқашан тиімді екені сөзсіз. Оларға оралсақ, жағдайды тезірек өзгерткен болар едік. Бірақ айтарлықтай зардап шеккен бизнестің және жалпы экономиканың мүдделерін ескере отырып, инфекцияның таралу тізбегін ішінара бұзуға мүмкіндік беретін тепе-теңдікті тапқандаймыз. Алайда, оның әсері толық локдауннан гөрі баяу сезілуде», – деді министр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<