Екпе салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру маңызды

481

0

Өткен жылдан бері барша адамзат баласы үшін «COVID-19» індеті өзекті мәселеге айналып отырған жайы бар. Шетелдік «The Lancet» ғылыми журналының мәліметі бойынша, бүгінде әлемде 4 миллионға жуық адам коронавирус ауруынан көз жұмған. Өкінішке орай, ажал құшқандардың саны күн санап көбейіп келеді. Қауіпті кеселді жеңудің жалғыз жалғыз жолы – екпе салдыру болып тұр.

Жасыратыны жоқ, қазір екпе салдыруға қатысты қоғамда сан түрлі пікір мен көзқарас қалыптасқан. Түрлі қауесет әңгімелердің де тарағаны рас. Бірақ бұл ретте мамандарға және толықтай дәлелденген тұжырымдарға сенуге шақырамын. Мен медицина саласында отыз жылдан астам уақыт жұмыс істеп келемін. Бұл ретте вакцинаның маңызын жақсы түсінемін. Өзім алғашқылардың бірі болып екпе салдырдым. Бүгінде ұжымда бұл процедураның маңызын кеңінен насихаттауға үлесімді қосудамын. Барлық азаматтарды екпе салдырып, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға шақырамын.

Гүлайым Сейілханова,

облыстық психикалық денсаулық орталығы бас дәрігерінің орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<