Елімізде коронавирустан 122 адам қайтыс болды

449

0

Елімізде коронавирустан 122 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

8 тамыздағы мәлімет бойынша, 111 239 адам коронавирус инфекциясынан (–107 348 + және 3 891 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 633 пациент стационарда жатыр, 80 606 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 918 адамның жағдайы ауыр, 405 пациенттің жағдайы өте ауыр, 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Ведомство 6 тамыздағы мәлімет бойынша тіркелген қайғылы жағдайлар санын жарияланды.

Елімізде коронавирустан 122 адам қайтыс болды. Оның 105-сі КВИ+, 17-сі КВИ-.

Пациент өлімі елордада көп, қалада 20 адам қайтыс болған, Алматыда – 19, Шымкентте – 18 науқас көз жұмған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<