Германия билігі «дельта» штамынан қорғану тәсілін ойлап тапты

579

0

Германия билігі «дельта» штамынан қорғану үшін комбинацияланған екпе алуға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Германияның вакциналау жөніндегі тұрақты комиссиясы әртүрлі типті – мРНК-вакцина және векторлы вакцинаның екі түрін де салдыруға ресми түрде кеңес береді. Бұл елдің денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан мұндай екпе алу тәсілін «аса ұтымды» деп мәлімдеді. Бұл тәсіл арқылы екпе алған тұрғындардың бойында «дельта» штамынан қорғаныс әдеттегідей бір вакцина түрін алғандардан едәуір ерте қалыптасады.

Айта кетейік, Германияда COVID-19-дың таралуы өршіп барады. Өткен тәулікте 671 жаңа дерек тіркелді, деп хабарлайды Роберт Кох атындағы институт. Бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштен 79 дерекке артық. Өткен тәулікте 16 пациент қайтыс болған, қаза тапқандардың жалпы саны 91 023-ке дейін жетті. Жалпы, эпидемия басталғаннан бері Германияның 84 миллион тұрғынының 3 730 353-інен инфекция анықталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<