Гүлзада Садықова: «Баланың денсаулығын басты назарда ұстаймын»

518

0

«Бұл індетті жеңу үшін ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажет. Сондықтан әрбір адам өзінің денсаулығын, отбасын қорғау мақсатында вакцина қабылдау керек».

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен онлайн брифингте «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Гүлзада Садықова айтты.

– Қазіргі таңда ахуал күшейіп тұрғанын жақсы білесіздер. Қаншама адам зардап шегуде. Өзім педагог болған соң баланың денсаулығын басты назарда ұстаймын. Сол себепті, өзімді, оқушыларды, әріптестерді қорғау мақсатында «Спутник-V» вакцинасын еш ойланбастан салдырдым. Жағдайым жақсы, ешқандай ауыртпалық болған жоқ. Барлықтарыңызды вакцина салдыруға шақырамын, – деді Гүлзада Рүстемқызы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<