Кардиолог қан қысымын төмендететін тағамдарды атады

684

0

Ресейлік кардиолог дәрігер Валентина Байдина қан қысымын төмендететін тағамдарды атады деп хабарлайды РИА Новости.

Дәрігер қан қысымының жоғары болуы тамырлардың тарылуын білдіретінін алға тартты. Маманның сөзінше, тамырларды кеңейтуге көмектесетін заттардың бірі – сүт қышқылы. Ол айран, қою айран, сүзбе сынды өзге де сүт өнімдерінде кездеседі.

«Орташа мөлшерде – шамамен бір стақан ішсе, мұндай сусындар қан қысымын тұрақтандырады», – дейді Валентина Байдина. Маманның айтуынша, каркаде шайы да – гипертониясы бар науқастарға пайдалы сусындардың бірі. Құрамында антиоксиданттар мен С дәрумені болғандықтан, сусын қан тамырларын кеңейтеуге көмектеседі. Несеп айдайтын қасиеттері бар кокос суы және калийге бай сүт қосылған какао да қысымды төмендетеді. Тіпті, 200 миллилитр табиғи какаоның өзі оң әсер ететін көрінеді.

Дереккөз: Nur.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<