Коронавирус жұқтырған 109 бала ауруханада жатыр

608

0

Алматыда коронавирус жұқтырған 2775 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 506 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 480, симптомсыз – 26 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 65, келіп түскені – 162.

«Инфекциялық стационарларда 2 775 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 109 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 266 адам жатыр. Ал 43 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 116 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 87 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5718 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 5 572 науқас. 146 адамда коронавирус белгілері жоқ.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<