Коронавируспен күресте селсоқтық танытты деп 70 шенеунік жазаланды

553

0

Қытайда коронавирустың таралуымен күресте селсоқтығы үшін Қытайдың 70 шенеунігі жазаланды. Шенеуніктердің жұмыстағы селсоқтығынан КВИ-дің «дельта» штамы Қытайдың 31 провинциясының жартысынан көбіне таралып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

Өткен бейсінбіде Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында осы жылдың мамыр-маусым айларында COVID-19-бен күресте өзінің қызметтік міндеттерін тиісті орындамағаны үшін 20 жергілікті шенеунік жазаланды.

Ресми мәлімдемелерге сәйкес, 2021 жылдың шілдесінде Цзянсу, Хэнань және Хунань провинцияларында КВИ-дің «дельта» штамының өршуіне байланысты жергілікті билік органдарының, денсаулық сақтау жөніндегі комиссиялардың, ауруханалар мен әуежай басшыларын қосқанда 47 лауазымды тұлға селқостығы үшін жазаланған.

Айта кетсек, коронавирустың «дельта» штамының өршуі Қытайдың 17 провинциясына таралған. Қазіргі кезде шілденің ортасынан бастап КВИ жұқтырудың 1 000 жағдайы тіркелген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<