Кітап оқудың ағзаға қандай пайдасы бар?

716

0

Кітап оқу өмірді 2 жылға ұзартады. Бұл – Йель университетінің ғалымдары дәлелдеген бір дерек. Кітап оқығанда ми жасушалары арасындағы байланыс күшейеді. Бұл өз кезегінде нейродегенеративті аурулардың пайда болуын тежейді. Кітап оқу есте сақтау қабілетін жақсартады. Сондай-ақ күйзеліспен күресудің ең тиімді әдісі болып саналады.
Оқу күйзелісті төмендетеді
Ғалымдар мен дәрігерлер күйзеліс адам бойындағы аурулардың 60%-на себепші болатынын айтады. Ұзақ уақытқа созылған күйзеліс инсульттің қаупін 50%-ға, жүрек-қан тамырлары ауруларыны пайда болуын 40%-ға арттырады. Ал кітап оқу күйзеліс деңгейін 68%-ға төмендете алады екен. Небәрі 6 минут кітап оқу жүрек соғысын бәсеңдетіп, бұлшық ет қызуын төмендетеді.  
Оқу ұйқысыздықтан емдейді
Көптеген адамдар жатар алдында планшет пен телефонды қолданады. Олардан шығатын көк түсті жарық ағзадағы мелатонин (ұйқы гормоны) гормонының шығу қабілеттін әлсіретеді. Ал кітап оқу жатар алдында ұйқы шақырады екен.  
Кітап оқу қиын жағдайлардан шығуға көмектеседі
Кейбір адамдар кітапты шынайылықтан қашу дейді. Бірақ ғылыми зерттеулер кітап оқудың қоғамдық қабілеттерді жоғарылататынын көрсеткен. Кітапты көп оқыған адамдарға басқалармен тіл табысу, қиын жағдайлардан шығу, тіпті сүйген адамын түсіну де жеңілірек.
 
Дереккөз: reactor.inform.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<