Медициналық көмек көрсетіледі

798

0

ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің медицина бөлімі «Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген  азаматтарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту  туралы» министрліктің бұйрығына сәйкес медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады. Қазір мекеменің медициналық бөлімінде бөлім бастығы, жалпы тәжірибелік дәрігер, терапевт дәрігер, 8 орта буынды медицина қызметкері, 1 фармацевт қызмет атқаруда.

Мекеме оларға көрсетілетін медициналық көмектің  сапасын жақсарту мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасымен меморандум жасады. Оның аясында ЗК-169/5 мекемесіндегі жаза өтеушілер №3 қалалық емханаға тіркеуге алынып, тегін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы медициналық көмекпен қамтамасыз етілген.

Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ҚАЖ мекемелерінде маскалық режим және карантиндік шектеу қойылған. COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алған адамдарды қоспағанда, 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен зертханалық тексерілгені туралы құжаты болуы керек «ASHYQ» қосымшасы арқылы ғимаратқа кіреді.

Мекемеде жыл басынан бері жазасын өтеушілер 2221  рет дәрігерлік қабылдауда болды. Оның 14-не ота жасалып, 11 азамат стационарлы  ем қабылдаған.

Ақжол БЕКБОЛАТҰЛЫ,

ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесі медицина бөлімінің терапевті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<