Өкпені ақысыз тексертуге бола ма?

635

0

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КС және МРТ қызметтері кіретін бекітілген тарифтер бойынша консультациялық-диагностикалық қызметтерді қаржыландырады.

Бүгінгі күні қорда КТ бо­йынша 140-қа жуық, МРТ қызметі бойынша 100-ге жуық өнім беруші бар. Бұл ретте КТ өнім берушілерінің ең көбі Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, МРТ өнім берушілері Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында, Жамбыл, Түркістан және Шы­ғыс Қазақстан облыстарында байқалады.

Алайда ауру­шаңдықтың өсуіне байланыс­ты КТ аппараттарының жетіс­пеушілігі байқалады. Жеке клиникаларда өкпенің компьютерлік томографиясына баға айтарлықтай өсті. Тиісінше МӘМС шеңберінде осы қызметті көрсету көлемі төмендеді, өйт­кені өнім берушілер оларды ақы­лы негізде ұсынуға мүдделі.

– Шынында, өңірлерде ­ин­фра­­­құрылымдық мүмкіндік­тер­ге қатысты проблемалар бар. Бұл мәсе­лелер қордың құзы­ретінде емес, бірақ жабдық­тар­дың қымбаттығына байланыс­ты компьютерлік томография аппараттары көбінесе орталық қалаларда орналасатынын түсі­не­міз. Азаматтар үшін дәрі­герлер балама ұсынады. Бұл аймақтарда қолжетімді рентген-зерттеу – деп түсіндірді Әлеуметтік меди­циналық сақ­тан­дыру қорында.

Қор компьютерлік томография қызметтері сақтандырылған пациенттерге МӘМС жүйесі аясында амбулаториялық деңгейде тегін көрсетілетінін нақтылады. Ол үшін тиісті симптомдар бол­ған жағдайда тіркелген жері бойынша емханаға жүгіну керек. Учаскелік дәрігер айғақтарды анықтаған кезде, КТ-ның тегін қызметіне жолдама береді. Бұл жағдайда ол МӘМС арқылы өтеді және қор қаражатты төлейді.   

Бірінші тоқсанның қорытын­ды­сы бойынша КТ және МРТ көрсетілген қызметтер саны өт­кен жылдың ұқсас кезе­ңі­мен салыстырғанда 5 есе, ал қаржыландыру көлемі – 7 есе (269 млн теңгеден 2 млрд теңгеге дейін) өсті.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ облыс бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру

және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<