Пациенттердің шағымы көбейген

570

0

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының міндеттерінің бірі – пациенттердің құқығын қорғау. Күн сайын қор  1414 байланыс орталығы,  Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, fms.kz ресми сайты және Telegram-дағы @SaqtandyrýBot ресми байланыс арналары арқылы өтініштер қабылдайды.

Филиал директорының айтуынша, пациенттер медициналық көмектің сапасыз көрсетілуіне немесе одан бас тартылуына, консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұзақ күтуіне,  мамандарға жазбаның болмауына шағымданды.

– Шағымдардың негізгі себептері – тағайындалған еммен, қойылған диагнозбен келіспеу, дәрігердің медициналық қызметтерге жолдама беруден бас тартуы, бейінді дәрігердің консультациясын немесе диагностикалық тексеруді күту, өңірде қажетті мамандардың болмауы. Қор әрбір шағым бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізеді. Біз пациенттерді өз құқықтарын білуге және олар бұзылғанда жағдайды сол жерде шешу үшін алдымен медициналық ұйымның өзіндегі пациенттерге қолдау көрсету қызметіне жүгінуге шақырамыз. Бұл қызмет барлық емханалар мен ауруханаларда бар. Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, қорға хабарласу қажет, –  дейді Бақыт Исмаханбетов.

Өтініштерді талдау қорытындылары бойынша пациенттердің құқықтарын бұзу жағдайларын болдырмау немесе алдын алу үшін  қор клиникалармен қажетті жұмыс бағыттарын анықтайды. Бұл үшін апта сайын семинарлар ұйымдастырады, медицина қызметкерлерін оқыту бағдарламаларын түзетеді, тестілеу өткізеді, қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар береді. Сондай-ақ, медициналық ұйымдарда қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін  тұрақты түрде «Жасырын пациент» акциясын өткізеді. Қор қызметкерлері медициналық ұйымдарға жасырын қоңырау шалу арқылы тіркеу мамандары мен медицина қызметкерлерінің медициналық сақтандыру жүйесі, МӘМС пен ТМККК кіретін медициналық қызметтер, медициналық көмек көрсету стандарттары, сондай-ақ, пациенттердің сақтандырылу мәртебесі мәселелері туралы біліміне мониторинг жүргізеді.

Айнұр БАТТАЛОВА,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<