Пилоттық жоба енгізілуде

784

0

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтердің сапасы мен көлемінің айқаспалы мониторингінің жобасын енгізуде

Айқаспалы мониторингтің пилоттық жобасы еліміздің барлық өңірлерінде енгізілуде. Басты мақсаты – медициналық сақтандыру қоры тарапынан халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін сараптау кезінде адами факторды, сыбайлас жемқорлықты болдырмау. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісінің отырысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қордың Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов хабарлады. Жиында облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Пазилов, аймақтың медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері қатысты.

«Бұл сараптама бірыңғай республикалық платформа (ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі, онда халыққа көрсетілген барлық медициналық қызметтерді Қордың сарапшылары бағалайды. Қай медициналық ұйымды, қай өңірден тексеретінін ешқандай сарапшы білмейді. Қор пациенттердің құқықтарын бұзылуына қатысты ымырасыз ұстанымды ұстанады және медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына мұқият бақылау жүргізеді», – деп атап өтті Қор филиалының директоры.

Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, 2021 жылы халыққа медициналық көмек көрсету кезінде 82,4 мыңдай түрлі кемшілік анықталып, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 1 374 млн теңгеден асты.

Жиын соңында Қор филиалының директоры медициналық ұйымдарға 2021 жылдың табысты аяқталғаны үшін алғыс білдірді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медмекемелер арасында Қармақшы аудандық ауруханасы сақтандырылған халық саны бойынша көш бастады – 85,4%, ал облыс бойынша медициналық қызметкерлерді ТМККК және МӘМС пакеттері жайлы жыл бойы оқытылымдардан кейінгі алынған тестілеу қорытындысы бойынша Қызылорда теміржол ауруханасының қызметкерлері үздік атанды. Жеңімпаз медмекемелерге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма Төрағасының Алғыс хаттары табыс етілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<