Пластик ыдыстар адам денсаулығына қауіпті

616

0

Тамақ салатын арнайы ыдыс – контейнерлерден пайдалану жылдан-жылға көбейіп келе жатыр. Бұл – табиғи жағдай. Себебі, онымен тамақты өзіңмен бірге алып жүру өте қолайлы. Зерттеулерге қарағанда күнделікті тұтынатын азығымызды мұндай пластик контейнерлермен алып жүру (немесе сол ыдыстағы тамақты жеу) адам денсаулығына қауіп төндіреді екен. Бір сөзбен айтқанда – зиян.  
Не үшін тамақты контейнерде сақтау қауіпті?
Пластик ыдыстар өткен ғасырдың орталарынан бастап өндіріле бастады. Олар алғаш рет «Tupperware» маркасымен сатылымға шықты. Бұл маркадағы тамақ сақтайтын ыдыстар қазір де бар. Аталған компания әр-түрлі пішіндегі сапалы ыдыстар өндіреді. Бірақ, барлық контейнер өндірушілер сапалы ыдыстарды жасай бермейді.    Контейнер-ыдыстар негізінен поликорбонат пластигінен жасап шығарылады. Тамақты микротолқынды пешке салып қыздыру кезінде Бисфенол А деп аталатын химиялық элемент бөлінеді. Оны пластик ыдысты қатайту үшін 50 жылдан бері пайдаланады. Қыздыру кезінде химиялық элемент тамақ құрамына өтеді екен.  
Бисфенол адам ағзасына несімен зиянды?  
Бисфенол – эстрогеннің баламасы. Ол ми мен репродуктивті жүйеге әсер етеді. Бисфенол  – жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар үшін өте қауіпті элемент. Бұл химиялық элементтің ана ағзасына түсуінің соңы баланың кеміс болып туылуына алып келеді. Сонымен бірге, бисфенол қатерлі ісік ауруларын дамытады.  Әсіресе, балаларға пластик ыдыспен сүт беруден аулақ болыңыз. Құрамында бисфенол бар мұндай ыдыстар сәби тісінің дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан дәрігерлер үнемі пластик ыдыстардан пайдаланбау керек екендігін айтады.
Массагет.кз сайтынан

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<