Қазақстанда 1,9 млн адам коронавирусқа қарсы толық егілді

336

0

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын алғандар саны 1,9 миллионнан асты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайлы ҚазАқпарат.

27 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда I компонентпен 3 165 155 адам вакцина салдырды, II компонентпен 1 905 062 адам егілді.

Коронавирус вакцинасының толық дозасын алғандар бойынша алдыңғы орында тұрған өңірлер: Алматы қаласы – 288 760 адам;

Алматы облысы – 198 352;

Түркістан облысы – 174 152;

Шымкент қаласы – 148 969;

Қарағанды облысы – 146 676;

Нұр-Сұлтан қаласы – 145 342.

Айта кетейік, 27 маусымда коронавирус вакцинасының толық дозасын алғандар саны 1 891 022 адам болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<