Қызылорда облысында 167 мыңнан астам адам вакцина салдырды

500

0

Қызылорда облысында 167 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде қатерлі індетке қарсы екпе қабылдау 1 ақпаннан басталды.

Нәтижесінде қазір вакцинаның бірінші компонентін алғандар 167 мыңнан асса, екінші компонентін 90 мыңнан астам адам салдырды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, екпе қабылдағандар қатарында педагогтер, медицина саласының мамандары, құқық қорғау органы қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, студенттер саны басым.

Оған қоса вакцина салдырғандар қатарында жұмыссыздар, зейнеткерлер мен кәсіпкерлер саны артып келеді.

«Өңірде созылмалы сырқаты адамдар да екпе қабылдауға ниет білдірді. Сондай-ақ, егде жастағы адамдар да қатерлі індетке қарсы вакцина қабылдауда. Вакцинадан кейін тұрғындарда асқыну болған жоқ», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Тұрғындар «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax», «Корона Вак» вакциналарының бірін таңдай алады.

Екпенің жеткілікті қоры барлық медицина ұйымдарында жасақталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<