Қызылордада 89 науқастың жағдайы өте ауыр

810

0

Аймақта күн өткен сайын эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады. Облыс бойынша инфекциялық стационарда 1230 науқас ем қабылдауда. Оның 89-ы жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов хабарлады.

Өткен тәулікте 210 жағдай тіркелсе, оның басым бөлігі жаңа ошақтан анықталған. Індет басталғалы бері өңірімізде коронавирус инфекциясын 10 951 адам жұқтырған. Қазіргі таңда үй жағдайында ем алып жатқан 1587 науқас бар.

«Сақтыққа салғырт қарағанның нәтижесінде көптеген азаматтар кеселді дерттің тырнағына ілігіп, аурумен алысып жатыр. Тіркелім көбейген тұста инфекциялық төсек-орындар санын көбейтіп, дер кезінде тиісті ем шараларын жүргізіп келеміз. Амбулаторлы түрдегі емдеу жұмыстары да жүруде. Алайда, коронавирус инфекциясы белгілі болып, ол туралы емханасына немесе дәрігерге хабарламай, үйден өздігінен ем қабылдап жатқандар қатарынан «Covid-19» көптеп анықталуда. Сол себепті барша тұрғындардан ауру белгісі байқалған сәттен, дәрігерге қаралып, дер кезінде ем бастауы қажет», – деді Ж.Шаймбетов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<