Қызылордада бір күнде 4 мыңға жуық адам вакцина салдырды

165

0

Қызылорда облысында бір күнде 4 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде қатерлі індетке қарсы екпе қабылдау 1 ақпаннан басталды. Нәтижесінде қазір вакцинаның бірінші компонентін алғандар 131 мыңнан асса, екінші компонентін 72 мыңнан астам адам салдырды. Қазір өңірде 135 мыңнан астам қатерлі індетке қарсы екпе алып үлгерді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, екпе қабылдаған азаматтар қатарында педагогтер, медицина қызметкерлері, құқық қорғау органы қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, студенттер саны басым. Оған қоса вакцина салдырғандар қатарында жұмыссыздар, зейнеткерлер мен кәсіпкерлер саны артып келеді. «Өңірде созылмалы сырқаты адамдар да екпе қабылдауға ниет білдірді. Сондай-ақ, егде жастағы адамдар да қатерлі індетке қарсы вакцина қабылдаууда. Вакцинадан кейін тұрғындарда асқыну болған жоқ», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Тұрғындар «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax», «Корона Вак» вакциналарының бірін таңдай алады. Екпенің жеткілікті қоры барлық медицина ұйымдарында жасақталған.



Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз