Қызылордада сол жағалауда қан орталығы салынады

1769

0

Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауынан қан орталығы салынады.

«Жобалық-сметалық құжат әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға дайындалып жатыр. Ал қазіргі орталық базасында 22 109 донор бар. Оның ішінде белсенді түрде қан тапсырып, өзгелерге үміт сыйлап жүрген жерлестеріміздің саны 700-800 шамасында. Қан орталығында жыл басынан бері 7541 адам қан тапсыруға ниет білдіріп, оның 3442-і донор болды», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов.

Еске салайық, 18-ге толған, арнайы медициналық тексерістен өткен, қан тапсыруға қарсы көрсеткіші жоқ, қан және оның компоненттерін медициналық мақсатта ерікті түрде тапсырушылар ғана донор бола алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<