Сақтық шараларын сақтау маңызды

623

0

Бүгінгі күні аймағымызда санитарлық – эпидемиологиялық ахуал біршама тұрақталып келеді. Дегенмен, күн сайын халық арасында коронавирус індетін жұқтырғандар анықталып, мамандар бақылуына алынуда. Бұл сақтық шараларына селсоқ қарауға болмайтынын аңғартады. Осы жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте дәрігер мамандар карантиндік талаптарды қатаң ұстап, екпе алуға шақырды.

«Коронавирус індетін жеңудің жалғыз жолы – вакцина салдыру болып отыр. Мен екпені алғаш қабылдаған медицина саласы мамандарының бірімін. Бүгінде денсаулығыма қатысты ешқандай шағымым жоқ. Күнделікті үйіме еш алаңсыз барып, жақындарыммен емен – жарқын араласа аламын. Барлық жерлестерімді екпе алуға шақырамын. Әр адамның саулығы – өз қолында», – деді облыстық психикалық денсаулық орталығының аға мейірбикесі Ақмарал Матаева.

«Коронавирус індеті адам өміріне үлкен қауіп төндіретін дерт. Науқастардың ортақ клиникалық белгілеріне дене қызуының көтеріліп, тыныс жолдарының тарылып, өкпенің жұмыс жасауы қиындайтындығы жатады. Облыстық психикалық денсаулық орталығына қарасты «Сейхун» провизорлық стационарында еңбек еткен тұста, талай ем алушының ауа жетіспегеннен қиналғанын көзімізбен көріп, қажетті медициналық көмек көрсеттік. Біз біздің қоғам алдындағы міндетіміз деп есептейміз «, – деді облыстық психикалық денсаулық орталығының мейірбикесі Айжамал Сайпырова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<