Шолпан Сүйеуова: «Өзімнің отбасымды, әріптестерімді індеттен сақтаудың бірден бір жолы екпе екендігін түсіндім».

239

0

Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Шолпан Сүйеуова алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырған ұстаз. Ол өз отбасы мен әріптестерінің амандығын ойлағандықтан осындай шешім қабылдағандығын айтады.

– Мен алғашқылардың бірі болып, өзімнің әріптестеріме үлгі көрсетіп екпені салдырдым. Әрине, әртүрлі алып-қашпа әңгімелер естігесін алғашында қорқыныш болды. Медицина мамандарынан кеңес алып, шешім қабылдадым. Өзімнің отбасымды, әріптестерімді індеттен сақтаудың бірден бір жолы екпе екендігін түсіндім. Екпе денсаулығына кері әсерін тигізген жоқ. Жағдайым жақсы. Саналы түрде барлықтарыңызда екпе салдыруға шақырамын, – деді Шолпан Сүйеуова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз