Үндістаннан ең қауіпті вирус анықталды

772

0

Үндістанның Керала штатында 11 адамнан қауіпті нипах вирусы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы РИА Новости мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Кожикоде медициналық колледжі мен ауруханасында 38 адам оқшауланған, олардың 11-де ауру белгілері бар. 

«Сегіз адамның сынамалары ұлттық вирусология институтына тестілеу үшін жіберілді», деді Джордж NDTV-ге берген сұхбатында. Ол ауруханаға жатқызылған барлық адамның денсаулығы тұрақты екенін айтты.

Жақында Керала билігі нипах вирусынан 12 жастағы бала қайтыс болғанын хабарлаған еді, штат дәрігерлері онымен байланысқан 251 адамды тексеруді бастады.

Аурудың таралуын болдырмау үшін Үндістан Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық бақылауды күшейту және пациенттер байланыста болған адамдарды қарқынды бақылау керегін айтты. Кожикоде аймағында және көрші үш ауданда да қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Нипах вирусы түлкілер мен жарқанаттардан таралады. Әдетте вирус жануардың сілекейі болған жемістерді жеген адамдарға жұғады. ДДСҰ мұны әлемдегі ең қауіпті вирустардың бірі ретінде санайды, себебі оған қарсы дәрі-дәрмек пен вакцина жоқ, ал өлім деңгейі 40-тан 75 пайызға дейін.

Үндістанда нипах вирусы алғаш рет өршіп тұрған жоқ. Вирус 2001 және 2007 жылдары Батыс Бенгалияда, 2018 және 2019 жылдары Керала штатында анықталған. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<