Үрей тудырған үнді штамы

700

0

Бүгінге дейін облыста коронавирус инфекциясының 7392 жағдайы тіркелді. Басым көпшілігі ауру белгілерімен анықталды. Биылғы мамыр айында ауру көрсеткіші төмендегенімен, маусым айының 16-нан қайтадан  арта бастады. Кейінгі апталардағы көрсеткіштерге сәйкес өңір бүгінгі күні  «сары аймақта». Эпидахуалдың тұрақсыздығына, аурудың қайта өршуіне үнділік «Дельта» штамының әсері бар деп болжанады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова айтты.

– Бұған дейін вирустық ин­фек­цияларды бақылау жөнін­дегі референс зертханасына  облыс­­тан 22 сынама жолданып, оның 13-нен ықтимал жағдай анық­талғаны туралы айтқанбыз. Му­тация және оның «Дельта» штамына жата­тын­ды­ғын түпкілікті растау ДНҚ үлгі­лерін толық геномдық секве­нир­леу аяқталғаннан кейін  бел­гілі болады. Дүниежүзілік ден­­сау­лық сақтау ұйымының мәлі­­меттері бойынша «Дельта» штамы әлемнің 200-ге жуық  елін­де анықталды. Қазір әлемде коронавирус инфекциясы бо­йын­ша төртінші толқынның бас­­талу қаупі тұр. «Дельта» шта­­­мының жұғу жылдамдығы ал­дың­ғыларға қарағанда 60 про­центке жоғары, 1 науқастан 5-6 адамға бірден таралады. Жүрек-қан тамырлары жүйесін за­­қымдайды, кереңдікке алып келеді. Балалар мен жүкті әйел­дерде ауыр жағдайда өтеді. Коро­навирустың алдыңғы түр­лері ба­­лаларда симптомсыз өтетін бол­­­­са, бұл штамм 14 жасқа де­йінгі балаларда клиникалық бел­­гілерімен тіркелуде. Cоңғы 6 күн­нің өзінде 10 баладан осы ін­дет анықталды. Созылмалы дерті бар адамдарда ауру ауыр өтеді, – деді ол.

Соңғы зерттеулер көрсет­кендей, коронавирустың үнді штамы ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің жоғары ықти­малдығымен байланысты. Инфек­циядан қорғану мен ауруханаға жатудан аман қалудың бірден-бір жолы –  вирусқа қарсы вакци­наның толық курсын алу.

Өңірде вакцина егу  үшін 106 екпе кабинеті, оның ішінде ау­дандарда 91 кабинет бар. Облыс орта­лығында 3 егу пункті ірі сау­да орталықтарында ұйым­дас­тырылған.  7 мони­торинг­тік топ емдеу мекемелерінде вакци­на­лар­ды тасымалдауға, «мұздай тізбек» ережелерінің сақталуына, екпе жұмыстарын жүргізуде рег­ла­­мент және санитарлық-эпиде­­­­­миологиялық талап пен ере­­­же­лердің сақталуына, екпе ал­ған тұрғындарға медици­на­лық бақылау орнату, мәлі­мет­­тер­дің «Вакцинация» моду­ліне енгізілуіне жүйелі түрде мони­торингтік бақылау жүргізіп отыр. Орын алған кемшіліктер облыс­тық штабта қаралып, қоры­тындысымен тиісті лауа­зымды тұлғаларға хатта­малық тапсырмалар берілуде.

Медициналық ақпараттық жү­йенің деректеріне қарағанда, егілгендер арасында иммундаудан кейінгі қолайсыздықтар тір­келмеген. Қала, аудандарда «Egov » порталы арқылы өтініш берушілердің саны да өсуде,  осы уақытқа дейін тұр­ғындар тарапынан 11 300 өтініш түскен.

– Аурушаңдықтың өсуі ка­ран­тин шараларын сақтамай, қауіпсіздік ережелерін елемеуден болып отыр. Тыйым салынғанына қарамастан, түрлі отбасылық ша­­ра­ларды, мерекелерді ұйым­­дастыру жалғасуда. 167 мони­то­р­инг­тік топ жыл басынан бері 10621 нысанға рейдтік тек­­­­серіс жасап, 343 карантин та­­­лап­­­тарын бұзушылық анық­тал­­ды. Нәтижесінде 30 млн тең­геге жуық айыппұл салынды. Эпид­ахуалды тұрақтандырып, пан­де­миядан шығудың тиімді жолы – жаппай екпе алу. Ға­лым­­­­­дардың зерттеуінше, вак­цина алғаннан кейін пайда бол­ған иммунитет ауырғаннан соң түзіл­ген антиденелерге қа­ра­­­ғанда инфекциядан 10 есе жақ­сы қорғайды. Әлемдегі, рес­­­­­пуб­­ликадағы аса күрделі эпид­­ахуалды ескеріп, «Дельта» штамы­­ның бірнеше есе қауіп­тілігін қаперге алып, көп­шілік жер­лерге бармауға кеңес бере­міз, мерекелік іс-шараларды он­­лайн форматта өткізуді ұсы­намыз. Сақтық шара­ларын орын­дау арқылы өзіңіздің, жақын­да­­­рыңыздын денсаулығын қор­­­­ғай ала­сыз, – дейді Динара Олжабайқызы.

Айнұр Батталова,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<