Ұжымдық иммунитет қалыптастырды

717

0

Әлемді шарлаған коронавирусты еңсерудің жалғыз амалы – вакцина екені даусыз. Облыста індеттің алдын алу мақсатында ұжым болып екпе салдырғандар саны артып келеді.

Ішкі саясат басқармасының облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі қызметкерлерінің 90 проценті вакцина салдырды. Олар өзара таңдау жасап, бірі ресейлік «Спутник V» вакцинасын, бірқатары қытай технологиясы бойынша өндірілген араб елінің Hayat Vax вакцинасын, сонымен қатар қазақстандық өнім QazVac вакцинасын да қабылдады.
Бүгінде екпенің екі кезеңін де толықтай қабылдаған маман­дар денсаулығында өзгеріс байқал­мағанын, теріс әсері болмағанын, вакцинадан кейін өздерін жақсы сезінетіндіктерін айтты. Олардың пікірінше, жаппай вакциналау арқылы ұжымдық имму­нитет қалыптасқанда ғана корона­вирусты жеңуге болады.


Сонымен қатар, орталық ғимаратында 16 маусымнан бастап COVID-19-ға қарсы вакциналау пункті ашылды. Онда орталық қыз­мет­керлерімен қатар, сол жағалау тұрғындары және сол маңдағы мекемелер – «Болашақ» университеті, «Рухани жаңғыру» орталығы, «Оrda school» мектебі, «Ханшайым-ана» бала­бақшасының қызметкерлері вакцина қабылдауда. Пункт ашыл­ғаннан бері 80-ге жуық адам екпе ектірді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<